Хоккей

«Сарыарқа» - Петров кубогының иегері

«Сарыарқа» - Петров кубогының иегері
news-banner7
mobile-news-top

Қарағандылық «Сарыарқа» өз тарихында екінші рет Жоғары хоккей лигасының плэй-офф кезеңінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Финалдық серияда «Сарыарқа» түмендік «Рубинмен» кездескен. Бұл ойын алдында қарағандылықтар серияда 3:1 есебімен жеңіп жатқан.

Командалардың бесінші матчы Түменде өтті. Бірінші кезеңде командалар 1:1 есебімен аяқталды. Үзілістен кейінгі екі кезеңде қонақтар жауапсыз үш шайба соғып, жеңісті жұлып әкетті. Қорытынды есеп – 1:4. Серия есебі де осылай!

«Рубин» (Түмен, Ресей) – «Сарыарқа» (Қарағанды, Қазақстан) 1:4 (1:1, 0:1, 0:2)

0:1 Сарваров (Ибатуллин, Ломако) 04:51

1:1 Рехтин (Фаст) 17:36

1:2 Нұрғалиев (Ряшенцев, Железнов) 21:58

1:3 Ломако (Сиксна, Зиазов) 43:04 ГБ

1:4 Кицын (Зиазов) 59:19 ПВ

Қақпашылар: Назаров – Рейзвих

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер