Велоспорт

Евгений Федоров Азия чемпионатында алтын медаль алды

Евгений Федоров Азия чемпионатында алтын медаль алды
news-banner7
mobile-news-top

Ташкент қаласында өтіп жатқан велоспорттан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында қазақстандық спортшылар аса сәтті өнер көрсетуде, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бүгін бір күнде үш бірдей алтын медаль жеңіп алды. Алдымен қыздар арасындағы жекелей сында отандасымыз Ульяна Сухоребрик жеңіске жетсе, араға аз уақыт салып ерлер арасындағы жекелей сында қазақстандық Максим Попугаев топ жарды.

Осы екі жүлденің ізін ала өткен 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы бәсекеде де біздің елдің спортшысы үздік шықты. 2018 жылғы жасөспірімдер Олимпиадасының жеңімпазы Евгений Федоров Ташкентте мықтылығын тағы бір мәрте дәлелдеді.

Бұл осы кезекті құрлық біріншілігінде Қазақстан құрамасының қоржынына түскен бесінші медаль. Кеше Қазақстан ерлер командасы алтын, ал қыздар командасы күміс жүлдеге қол жеткізген болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер