Басқа

Алматыда Nordic Walking Fest 2019 алғашқы фестивалі өтеді

Алматыда Nordic Walking Fest 2019 алғашқы фестивалі өтеді
news-banner7
mobile-news-top

Алматыда скандинавиялық жүріс бойынша Almaty Nordic Walking Fest 2019 бірінші фестивалін өткізу туралы жарияланды. Бұл іс-шараны даңқты қазақстандық спортшы, Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Елена Хрусталеваның Олимпиадалық қоры ұйымдастырады.

Скандинавиялық жүріс – дене пішінін, хал-ахуалды және көңіл күйді жақсарту, сонымен қатар салмақты бақылаудың қарапайым, қолжетімді және өте тиімді тәсілі, қазақстандықтар арасында скандинавиялық жүрістің танымалдылығы жыл сайын өсіп келеді. Скандинавиялық жүріс бойынша жарыстарға барлық жастағы барлық белсенді халық тікелей қатыса алады, өйткені жүгіруге қарағанда барлығы өз ырғағыңда жүре алады!

Almaty Nordic Walking Fest бірінші фестивалі 2019 жылғы 2 маусымда, Алматы қаласында «Атакент» көрмелік кешені алаңында өтеді. Біздің елде өткізілетін басқа спорттық іс-шараларға қарағанда, скандинавиялық жүріс бойынша фестивальде спорттық қашықтықтың әрбір қатысушысы мен корпоративтік командалары үшін уақыт белгіленетін болады, ал қозғалыстың дұрыстығы мен көркемділігін кәсіпқой қазылар қадағалайтын болады. Мүмкіндіктері шектелген қатысушылар үшін жеке есебі жасалған, олар тіркеулік жарнасын төлеуден босатылған. Ұйымдастырушылар жарыстарға корпоративтік қатысудың танымалдылығына үлкен үміт артып отыр, бұл компаниялар мен ұйымдарға қашықтықтан жарқын брендті спорттық киімінде өтіп, өздерінің компаниялары мен брендтерінің атауларын таныту, сонымен қатар ауызбірлікті және корпоративтік рухты нығайту мүмкіндігін береді.

- Скандинавиялық жүріс – рахатқа бөленіп, өзіңізді жақсы қалыпта ұстауға мүмкіндік беретін, барлық жастағы адамдар үшін фитнестің әсем түрі. Біз, барлық қатысушылар үшін уақытты есептеумен және тәжірибелі және бастаушы «нордиктер» үшін қашықтықтары белгіленгеналғашқы жеке жарысты ойластырдық. Almaty Nordic Fest белсенді қазақстандықтардың жүрегін жаулап алады деген үміттемін, - дейді Қор директоры, Ванкувердегі Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Елена Хрусталева.

Скандинавиялық жүріс бойынша Almaty Nordic Walking Fest фестивалі Алматы қаласының 2019 жылдағы спорттық оқиғаларының ресми күнтізбесіне енгізілді. Елена Хрусталеваның Олимпиадалық қорының жоспарында скандинавиялық жүріс бойынша фестивальді Қазақстан астанасы Нұр-Сұлтан қаласында және Шымкент қаласында өткізу, сонымен қатар географияны көршілес елдерге – Өзбекстан және Қырғызстанға кеңейту бар. Барлық іс-шараларды жыл сайын өткізу де жоспарланып отыр.

Алматы қаласы спорт басқармасының басшысы Рүстем Байсейітов мұндай бұқаралық спортіс-шараларының ұлт денсаулығын қалыптастырудағы маңызды зор екенін атап өтті.

- Алматы қаласы бүкіл Орталық Азияның бұқаралық спорттық жарыстарын өткізудің астанасына айналуда. Бұл іс-шаралар қала тұрғындарының хал-жағдайына, сол сияқты қаланың экономикасына позитивті әсер етуде. Скандинавиялық жүріс үшін Алматыда барлық жағдайлары бар – қалада белсенді демалуға арналған маршруттар мен аймақтардың желісі тұрақты кеңеюде. Біз, Скандинавиялық жүріс фестивалінің тұрақты және алматылықтар мен қала қонақтарында өте танымал болатынына үміттіміз, -деді Рүстем Байсейітов.

Елена Хрусталеваның Олимпиадалық қорымен ұйымдастырылған іс-шараны ҚР Ұлттық Олимпиада комитеті, сонымен қатар бірқатар ірі халықаралық компаниялар қолдады.

- Елена Хрусталеваның Олимпиадалық Қорын біз даңқты қазақстандық альпинистші Мақсұт Жұмаевпен және фристайл бойынша әлем чемпионы Юлия Галышевамен бірлесіп, спортшы жастарды қолдау, халықаралық жарыстардың қарсаңында қажетті жаттығулар мен жарыстық тәжірибені қамтамасыз ету мақсатымен, сонымен қатар халықты белсенді өмір салтына тарту бойынша іс-шараларды өткізу үшін құрдық, -деді Елена Хрусталева.

Фестивальді өткізу бойынша серіктес Максим Прощенко басқаратын еліміздегі алғашқы «Еуразия» скандинавиялық жүріс мектебі болды. Мектеп мамандары кәсіпқой қазылықты ұйымдастыруға, жарыстың әрбір қатысушысымен қашықтықтан өту уақытын өлшеуге, трассаларды бөлуге жұмылдырылатын болады, сонымен қатар скандинавиялық жүріс бойынша фестивальдің болашақ қатысушыларымен бірқатар шеберлік сабақтары мен жаттығулар өткізетін болады. Скандинавиялық жүріс бойынша фестивальдағы хронометраж көп жылдар бойы Қазақстанда ең жоғарғы деңгейдегі ірі спорттық іс-шаралар өткізіп келетін «Экстремалды атлетика» компаниясымен қамтамасыз етіледі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер