Еркін күрес

Данияр Қайсанов Азия чемпионатының финалына шықты

news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық балуан Данияр Қайсанов еркін күрестен Азия чемпионатының финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

74 келі салмақ дәрежесінде бақ сынайтын семейлік балуан жартылай финалда әлем чемпионатының күміс жүлдегері Адам Батыровтен өтті.

Данияр жартылай финалға дейін моңғолиялық Отгонбаяра Бацуури (8:1) мен өзбек балуаны Артем Присяжнюкті (12:0) айқын басымдықпен ұтқан болатын.

Ал ақтық сында Қайсанов үндістандық Амит Кумар Дханкхармен белдеседі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер