Футзал

Қайрат Оразбеков: Басты назар - балалар футболында

Қайрат Оразбеков: Басты назар - балалар футболында
news-banner7
mobile-news-top

Қайрат» футзал клубының спорт кешенінде УЕФА Чемпиондар лигасының Төрттік финалына орай баспасөз мәслихаты өтті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

«Қайрат» клубының бас бапкері Кака УЕФА Чемпиондар лигасының маңыздылығын атап өтті:

- Үйде ойнамыз, бірақ бұл ойыншыларға қосымша жүк болады деп ойламаймын. Керісінше жанкүйерлеріміздің алдындағы жауапкершілікті жақсы түсінеміз. Жұма күні «Барсаға» қарсы матчқа жақсы дайындықпен шығамыз деп ойлаймын.

Дуглас пен Тайнан соңғы уақытта көп алаңға шықпағанды. Қазір бабында деп айту қиын. Дегенмен мұндай деңгейдегі ойыншылар бабында болмағанның өзінде бір-екі матчты жақсы өткізуге қауқарлы. Олардың тәжірибесі бар әрі деңгейі жоғары, - деді Пауло Рикардо.

«Қайраттың» президенті Қайрат Оразбеков жаңа форманы жәнеТөрттік финалдағы басты демеушімен таныстырды:

- Клубтың техникалық кеңесінің шешімімен OLIMP.KZ букмекерлік компаниясына тоқтадық. Спорттың айналасында жұмыс істейтін, жалпы, спортты түсінетін демеуші іздедік. OLIMP.KZ компаниясымен ойымыз бір жерден шықты. Қаржының басым бөлігі «Қайраттың» балалар академиясына жұмсалады. Себебі дәл осы бағыт - біз үшін ең маңыздысы.

- 2017 жылы «Қайрат» пен «Интер» арасындағы матчта қазылық еткен хорватиялық Саша Томич пен италиялық Анджело Галанте сізді, сол кездегі команданың бас бапкері Какауды және Игитаға қызыл қағаз көрсетіп, даулы шешім қабылдаған еді. Биыл да аталған екі төреші УЕФА Чемпиондар лигасының финалында қызмет атқарады. Бұл туралы не ойлайсыз?

- Сол матчтан кейін қылығым үшін төрешілерден, УЕФА делегациясынан ресми кешірім сұрадым. Өздеріңіз білесіздер, футзал өте қызуқанды ойын. Ол кезде «Қайрат» мықты өнер көрсетіп жатқан. Бір уақытта төреші ойынды басқара алмай қалды. Сол себепті біздің ойыншылар ашуланды. Бірақ соның өзінде өзімді қолымда ұстау керек едім. Ендігі мұндай қадамға бармайтын болдық.

«Барсаға» қарсы матчта салқынқандылық таныту қажет. Алаңда бірінші нөмірмен ойнап, әрбір іс-қимылымыз үшін жауап беруіміз керек, - деп толықтырды Қайрат Оразбеков.

Команда капитаны Дінмұхамбет Сүлейменов те алдағы жарыстың маңыздылығын атап өтті:

- Мансабымызда қандай финалда өнер көрсетсек те, ешқашан мотивациямызды жоғалтқан емеспіз. Оның үстіне осы жолы өз алаңымызда, жанкүйерлеріміздің алдында ойнаймыз. Бұл да өте маңызды. Бұл турнирге бүкіл әлем көз тігіп отыр. Біз матчтарға дайынбыз.

Келісімшарт мерзімін 2024 жылға дейін ұзартқан әлемнің үздік қақпашысы Игита басқа командалардан түскен ұсыныстар туралы айтты:

- Клуб басшыларына, жаттықтырушылар штабына және командаластарыма алғыс айтқым келеді. Олар менің мансабымды дамытуыма және осында өзімді жайлы сезінуге мүмкіндік берді.

«Барселонаның» ұсынысы? Мен басқа клубтардың қызығушығы мен ұсыныстары болғанына қуаныштымын, бірақ ұзақ уақыттан бері «Қайратта» өнер көрсетіп жүрмін. Алматыда өзімді өте жақсы сезінемін. Өзге кулбтардың қызығушылығы маған тың мотивация сыйлайды. Бірақ «Қайратта» өзімді өте жақсы сезінемін, - деді Игита.

Айта кетейік, биылғы Төрттік финал Алматы қаласындағы «Алматы Арена» спорт кешенінде 26-28 сәуір аралығында өтеді. «Қайрат» алғашқы матчында Испанияның «Барселонасымен» кездессе, Португалияның «Спортингі» тағы бір испаниялық ұжым «Интермен» күш сынасады.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер