Жеңіл атлетика

Қазақстандық желаяқтар эстафетада күміс медаль алды

news-banner7
mobile-news-top

Катар астанасы Дохада өтіп жатқан жеңіл атлетикадан Азия чемпионатында әйелдер арасындағы 4*100 метрлік эстафета аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл сында Қазақстан құрамасы екінші орынға ие болды. Элина Михина, Ольга Сафронова, Светлана Голендова және Рима Кашафутдиновадан құралған құрамамыз 400 метрді 43.36 секундта жүгіріп өтіп, күміс медаль жеңіп алды.

Бас жүлде Қытай қыздарының еншісінде кетті. Ал үшінші орын Бахрейн құрамасына бұйырды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер