Басқа

«Астана» спорт клубының бапкерлері жастарға допингті түсіндіру жұмыстарын жүргізді

news-banner7
mobile-news-top

Спортшының абыройы мен беделі - елдің мерейі. Дегенмен жеңіске ұмтылған спортшылардың тиым салынған дәрмек қолдануы қазір үлкен мәселеге айналған.

Допингке қарсы орталық сарапшылары мен «Астана» президенттік кәсіби спорт клубы командасының жаттықтырушылары жастарға түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Қауымдастыққа хоккей, футбол, баскетбол, велоспорт өкілдері кіреді. Барлығы да халықаралық жарыстарда өнер көрсетіп жүр. Өкінішке орай, допингтік дауға іліккендері де аз емес. Әсіресе велоспортшылар. Енді мамандар олқылықты түзеуге бағытталған іс-шаралар жүргізуде.

- Бұл бастапқы дайындық. Бүгінде «Барыс» балалар спорт мектебі, «Астана» футбол командасы енген. Балалармен жұмыс істейтін жаттықтырушылар допингтің залалын, ол арқылы жақсы нәтижеге жетуге болмайтынын түсіндіреді, - дейді «Астана» президенттік кәсіби спорт клубының директоры Жетес Сүлейменов.

Түпнұсқасы: 24.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер