русский язык
Велоспорт

Нибали «Париж-Ницца» додасында 12-ші орынға көтерілді

Нибали «Париж-Ницца» додасында 12-ші орынға көтерілді
Кеше Париж – Ницца веложарысының төртінші кезеңі аяқталды.
 
Garmin-Sharp командасының велошабандозы голландиялық Том Йелте төртінші кезеңде топ жарды, Sky шабандозы Джерейнт Томас - екінші, ал Belkin командасының шабандозы Вилко Келдерман үздік үштікті түйіндеді.
 
Жалпы есепті ұлыбританиялық Джерейнт Томас көш бастады. Екінші сатыда - неміс Джон Дегенкольб, үшінші орында - Том Йелте Слахтер тұрақтады. Астана шабандоздары Нибали мен Фульсанг көш бастап келе жатқан Томасқа 19 секунд ұтылуда, олар 12-ші мен 13-ші орындарда жайғасты. 
 
 
Париж – Ницца велододасы. Жалпы есеп.
 
1. Джерейнт Томас (Ұлыбритания, Sky) – 18:14:25
 
2. Джон Дегенкольб (Германия, Giant-Shimano) – + 0:03
 
3. Том Йелте Слахтер (Голландия, Garmin-Sharp) – + 0:04
 
12. Винченцо Нибали (Италия, Astana Pro Team) – + 0:19
 
13. Якоб Фульсанг (Дания, Astana Pro Team) – + 0:19
 
33. Энрико Гаспаротто (Италия, Astana Pro Team) – + 0:42
 
47. Франческо Гавацци (Италия, Astana Pro Team) – + 1:11
 
97. Лиуве Вестра (Голландия, Astana Pro Team) – + 5:49
 
114. Валерио Аньоли (Италия, Astana Pro Team) – + 8:38
 
136. Борут Бозич (Словения, Astana Pro Team) – + 11:05
 
146. Алессандро Ванотти (Италия, Astana Pro Team) – + 12:54
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;