Дзюдо

Ғұсман Қырғызбаев: Қарсыластарымның осалы болмады

Ғұсман Қырғызбаев: Қарсыластарымның осалы болмады
news-banner7
mobile-news-top

Біріккен Араб Әмірлігінде өтіп жатқан Азия чемпионатында қола жүлдені жеңіп алған Ғұсман Қырғызбаев Prosports.kz сайтына жарысты қорытындылап берді.

60 келі салмақта бақ сынаған отандасымыз алғашқы белдесуінде солтүстік кореялық Ан Джа-йонгты жеңіп, артынша жапон дзюдошысы Генки Когадан ұтылып қалды. Дегенмен қола жүлде жолында моңғол балуаны Унуболд Лхагважамцтан және өзбекстандық Шарофиддин Латфуллаевтан басым түсті. Осылайша, Ғұсман Қырғызбаев ел қоржынына Азия чемпионатындағы алғашқы жүлдені салды.

- Азия чемпионатында ел қоржынына алғашқы жүлдені салдыңыз. Жарыс қалай өтті?

- Рақмет! Жарыс өте жоғары деңгейде өтті деуге болады. Қарсыластарымның барлығы тыңылықты дайындалғаны көрініп тұр. Арасында осалы жоқ.

Тек жапон спортшысы Генки Когаға есе жібердім. Қарсыласымды қармап ұстай алмадым. Әдіс жағы дұрыс болмай, ойымдағы күресті көрсетпедім, - деді Ғұсман Қырғызбаев.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер