Ненад Эрич – алтыншы турдың үздік ойыншысы

Ненад Эрич – алтыншы турдың үздік ойыншысы
news-banner7
mobile-news-top

«Астана» Премьер-Лиганың алтыншы туры аясында алматылық «Қайратты» 1:0 есебімен жеңді.

Ойыншылардың барлық статистикалық көрсеткіштерін есептейтін Instat аналитикалық компаниясы турдың қорытындысын жариялады.

Instat Index нәтижелері бойынша «Астана» қақпашысы Ненад Эрич алтыншы турдың үздік ойыншысы атанды. Елорда командасының капитаны қарсылас команда ойыншылары бағыттаған 6 соққыны қайтарып, қақпасын «құрғақ» сақтап қалған болатын. Ойын қорытындысы бойынша Эрич 324 ұпай жинады.

Үздік үштікте «Шахтер» жартылай қорғаушысы Марат Шахметов (308) пен қарағандылық команда қорғаушысы Евгений Ткачук (285) бар. Ал үздік бестікке «Астана» сапынан Дорин Ротариу енді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер