Әлем футболы

БАҚ: Дибала Икардидің орнына «Интерге» баруы мүмкін

БАҚ: Дибала Икардидің орнына «Интерге» баруы мүмкін
news-banner7
mobile-news-top

Пауло Дибала «Ювентус» командасынан «Интер» командасына Икардидің орнына баруы мүмкін.

БАҚ-ның хабарлауынша, «Ювентустың» спорттық директоры Фабио Паратичи «Интер» командасының бас директоры Джузеппе Маротамен Икардиді жазғы трансфер терезесінде Дибаламен алмасу туралы әңгімелесті.

Дибаланың келісімшарты 2022 жылдың 30 маусымына дейін жарамды. Transfermarkt.de порталы 25 жастағы Аргентина футболшысын 100 миллион еуроға бағалауда.

Икардидің «Интермен» келісім-шарт мерзімі 2020 жылдың маусым айының соңында аяқталады. 26 жастағы аргентиналықтың құны 90 миллион еуроны құрайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер