Ұлттық құраманың бұрынғы бас бапкері Қазақстанға келді

news-banner7
mobile-news-top

«Астана» футбол клубы мен Қазақстан құрамасының бұрынғы бас бапкері Мирослав Беранек Нұр-Сұлтанға келді.

Чех маманының елімізге не үшін келгені белгісіз. Бірақ, отандық ақпарат құралдары оның Премьер-лиганың бір клубымен келіссөздер жүргізіп жатуы мүмкін екенін жазуда.

Естеріңізге сала кетейік, Беранек Қазақстан құрамасын 2011-2013 жылдар аралығында баптаған болатын. Сондай-ақ 2012-2013 жылдары «Астана» командасының бас бапкері болды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер