«Матчқа болжам жасағым келмейді»

«Матчқа болжам жасағым келмейді»
news-banner7
mobile-news-top

«Қайрат» футбол клубының ардагері Диас Омаров Prosports.kz сайтының тілшісіне «Астанаға» қарсы өтетін жаңа маусымдағы алғашқы басты кездесу жайлы ойымен бөлісті.

- Бұл ойын «Қайрат» үшін аса маңызды кездесу. Матчты тамашалаймыз. Бірақ «Қайраттың» деңгейі қандай екенін қазір өзім де анық білмеймін. «Астана» жайлы да білерім аз. Сол үшін командалар жайлы нақты пікірім жоқ.

- Командалардың жеңіске жетуге мүмкіндігі қандай?
- Мен бұрын болжам жасау футбол тамашалауыма кедергі болтынын айтқанмын. Тіпті өз болжамыңның құлына айналасың деуге болады. Себебі өз командаңның жеңіске жетуін қалайсың. Сөйтіп, ойынның қызығы қашады. Сондықтан мен ешқандай болжам жасауға қатыспаймын.

- Матч көруге келесіз бе?
- Иә, мен үнемі стадионға келіп, ардагерлермен әңгімелесіп тұрамын. Бірақ стадионда бір тайм ғана боламын. Өйткені алаңдағы айқай-шу мен барабан үні маған ұнамайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер