Дзюдо

Мухсин Нұртазин Орталық Азия елдерінің аға төрешісі қызметіне тағайындалды

Мухсин Нұртазин Орталық Азия елдерінің аға төрешісі қызметіне тағайындалды
news-banner7
mobile-news-top

Бүгін, 18 сәуір күні Фуджейра қаласында дзюдодан Азия чемпионаты қарсаңында Азия дзюдо одағының конгресі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты Дзюдо федерациясына сілтеме жасап.

JUA конгресінде бірқатар тағайындаулар орын алды. Атап айтқанда, Қазақстан дзюдо федерациясының рефери директоры, дзюдодан халықараалық дәрежедегі төреші Мухсин Нұртазин алдағы 4 жылға Орталық Азия елдерінің аға төрешісі қызметіне тағайындалды.

Ол төрт жыл көлемінде Орталық Азия елдеріндегі төрешілік жұмыстарына тікелей жауапты болады. Дзюдодан Орталық Азия елдеріне Қазақстан, Қырғызстан, Иран, Ауғанстан, Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстан елдері кіреді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер