русский язык
Футбол

«Қайрат» ФК маусым алдындағы баспасөз-маслихатын өткізді

«Қайрат» ФК маусым алдындағы баспасөз-маслихатын өткізді

Бүгін  Алматы қаласындағы «Қазақстан» қонақ-үйінде «Қайрат» футбол клубының жаңа маусымға таныстыру рәсімі өтті.

Маусым алдындағы баспасөз-маслихатында «Қайрат» ФК кеңес комитетінің төрағасы Қайрат Боранбаев, спорт директоры Патрик ван Луивен, команда бас бапкері Владимир Вайс пен «Қайрат» капитаны Самат Смақов журналистердің сұрақтарына жауап берді.

«Қайрат» ФК кеңес комитетің төрағасы, Қайрат Боранбаев:

- Қайырлы кеш. Баспасөз маслихатына келгеніңіз үшін үлкен рахмет. Естеріңізге сала кетсек, былтыр Қазақстанның Футбол Федерациясы жүз жылдығын тойлаған болатын, биыл енді «Қайрат» футбол клубына алпыс жыл толып отыр. Ендігі мақсатымыз осы алпыс жылдық мерейтой қарсаңында биік нәтижеге жету. Байқасаңыздар, бізге ауысқан қазақстандық ойыншылардың жасы жиырма бестен аспайды. Біз таңдаған бағыттың бір көрінісі деп осыны айтуға болады. Болашақта жастарға үміт артамыз. Осының арқасында биік нәтижелерге қол жеткіземіз деген ойдамын.

«Қайрат» ФК бас бапкері, Владимир Вайсс:

- Иә, алдағы маусымға биік мақсаттар қойылды. Соның ішінде Еуропа лигасында жақсы өнер көрсетумен қатар ел біріншілігінде топ жару. Осы мақсатқа жету жолында командаға бірнеше жергілікті және мықты легионерлер шақыртылды, атап өтсек - Маркович, Плиев, Михаил Бакаев және Бауыржан Исламхан, Аслан Дарабаев секілді тағы басқа мықты ойыншылар келді. Барлықтарыңызды он бесінші наурыз күні өтетін «Атырауға» қарсы кездесуге шақырамын.

«Қайрат» спорт директоры, Патрик ван Луивен:

- Өздеріңіз білесіздер, «Қайрат» еуропалық клубтарға сай даму жолын таңдады. Алматыда бірнеше «Қайрат» академиялары салынды, сондай-ақ жақында интернат-мектебі де ашылады. Ол дегеніміз, біздің жас балаларға көрсетіп жатқан қолдауымыз, олардың жас кезінен бастап футболға сүйіспеншілігін арттыру жолында жасалған шара және "Қайраттың" клубтық арнасында кішкентай балаларға арнайы түсірілген «үйрету жаттығуларын» тамашалай аласыздар.

«Қайрат» ФК капитаны, Самат Смақов:

- Баспасөз маслихатына жиналған қауым, армысыздар! Біріншіден,  "Қайрат" ФК кеңес комитетінің төрағасы Қайрат Боранбаевқа өз алғысымды айтқым келеді. Оқу-жаттығу жиындары жоғары деңгейде өтті. Бес жұлдызды қонақ-үйлерде тұрып, мықты алаңдарда жаттығу жасадық. ОЖЖ-ны барысында мықты командалармен жолдастық кездесу өткізіп, «Гамбург» секілді, Ресей чемпионатының «Терек», «Ростов» командаларымен тең дәрежеде ойнадық. Осының бәрі біздің жас ойыншыларға тәжірибе және сабақ болғаны анық. Әр жиын біз үшін тартысты өтті. Үлкен жұмыстар атқарылды. Команда ішінде көңіл күй жақсы, бәріміз алдағы маусымда жоғары нәтижеге жету үшін бар күшімізді саламыз. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;