Бокс

Головкин Роллспен кездесу үшін қанша сыйақы алады

Головкин Роллспен кездесу үшін қанша сыйақы алады
news-banner7
mobile-news-top

Boxingnews24.com журналисі Аллан Фокс орта салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы Геннадий Головкин келесі жекпе-жегінде қанша сыйақы алатыны жайында ой топшылады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Головкин 8 маусымда Нью-Йоркте канадалық Стив Роллспен жекпе-жек өткізеді.

«Головкин Роллспен кездесу үшін 15 миллион доллар алады деген ақпарат шықты. Бұл осындай жекпе-жек үшін көп ақша. DAZN Головкин мен оның менеджментіне стриминг алпауытындағы дебютінде бар мүмкіндікті берген секілді. Ал Роллспен жекпе-жектен соң Головкинге үлкен сыйақысын Сауль Альварес, Дэниэл Джейкобс, Деметриус Эндрейд пен Джермалл Чарло секілді «арыстандармен» жекпе-жек арқылы қайтаратын шығар», - деп жазды ол материалында.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер