Хоккей

«Сарыарқа» финалдық серияда есепті теңестірді

«Сарыарқа» финалдық серияда есепті теңестірді
news-banner7
mobile-news-top

Қарағандылық «Сарыарқа» Жоғары хоккей лигасы плэй-офф кезеңінің финалдық сериясында есепті теңестірді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Түменде «Рубинге» қарсы өткен алғашқы матч айдын иелерінің пайдасына аяқталған еді.

Екінші ойын да «Рубин» үшін сәтті басталды. Андрей Князев пен Илья Карлин айдын иелерін алға шығарды. Бірақ бірінші үзілістің соңына дейін Артур Сарваров есеп айырмасын қысқарта алды.

Ал екінші кезеңде Вадим Кравченконың шайбасына «Сарыарқа» Александр Борисевич пен Олег Ломако соққан голдармен жауап қатты – 3:3.

Үшінші кезеңде Эдгарс Сиксна қонақтарды алға шығарды. Бірақ кездесудің аяқталуына бір минуттан аз уақыт қалғанда Карлин тағы бір гол соғып, есепті теңестіріп тастады.

Осылайша, матч овертаймға жалғасан. Мұнда Леонид Метальников «Сарыарқаға» жеңіс сыйлады – 4:5.

Енді 20 және 21 сәуірде командалар Қарағандыда матч өткізеді.

«Рубин» (Түмен, Ресей) — «Сарыарқа» (Қарағанды, Қазақстан) 4:5 ОТ (2:1, 1:2, 1:1, 0:1)
Серия есебі:
1:1

Шайбалар:
1:0 — 06:25 Князев (Лисов, Попов).
2:0 — 08:55 Карлин.
2:1 — 18:18 Сарваров (Сиксна, Зиазов).
3:1 — 26:56 Кравченко (Ячменёв).
3:2 — 28:47 Борисевич (Ряшенцев, Сиксна).
3:3 — 39:05 Ломако.
3:4 — 46:32 Сиксна (Зиазов).
4:4 — 59:30 Карлин (Лисов, Князев).
4:5 — 64:50 Метальников (Лютов).

Қақпашылар: Назаров — Рейзвих

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер