русский язык
Бокс

Қазақстандық боксшылар Бакуде өткен халықаралық турнирден олжалы оралды

Қазақстандық боксшылар Бакуде өткен халықаралық турнирден олжалы оралды
Әзербайжанның астанасы Баку қаласында 9 наурыз күні аяқталған ересектер арасындағы «Ұлы Жібек жолы-2014» халықаралық турнирінде қазақстандық боксшылар бірден үш медальге қол жеткізді. Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясының ресми сайты хабарлайды.
 
60 келі салмақ дәрежесінде Закир Сафиуллин турнир жеңімпазы атанды. Күміс жүлдені Дәурен Елеусінов (81 кг) иеленсе, қола Сағадат Рахманқұловтың (69 кг) үлесіне тиді. Ал, Ерлан Тамемов (52 кг), Сапарбай Айдаров (75 кг) пен Нұржан Бекзатов (+91 кг) өкінішке қарай, ширек финалда ұтылып қалды.
 
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;