Бокс

WBC чемпионы Головкиннің келесі қарсыласы туралы ойын айтты

news-banner7
mobile-news-top

Жартылай орта салмақта WBC International чемпионы канадалық Микаэль Зевски (31-1, 22 КО) өзінің отандасы Сти Роллс (19-0, 10 КО) туралы айтты, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

8 маусымда Нью-Йоркте Роллс қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен (38-1-1, 34 КО) жұдырықтасады.

«Ол әуесқой бокста менімен бірге Канада құрамында болды. Мен оны қашан да құрметтейтінмін, ақылды боксшы. Әрине, ол бәрі көргісі келетін адам емес, бірақ ол Головкинге күш көрсете алады деп ойлаймын. Шынымды айтсам, кәсіпқой бокста оны бір-ақ рет көрдім. Қазір қолынан не келетінін білмеймін», - деді Зевски.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер