Теннис

Roland Garros-2019. Ел намысын кімдер қорғайды

Roland Garros-2019. Ел намысын кімдер қорғайды
news-banner7
mobile-news-top

Парижде өтетін Roland Garros турнирінің қатысушылар тізімі жарияланды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Байрақты доданың ерлер арасындағы сайысында Қазақстанның намысын Михаил Кукушкин (рейтингте 42-орын) мен Александр Бублик (рейтингте 100-орын) қорғайды.

Әйелдер арасында да қазақстандық екі теннисші сынға түседі. Рейтингте 38-ші орында тұрған Юлия Путинцева мен 107-ші сатыдағы Зарина Дияс турниде негізгі кезеңнен бастап бақ сынайды.

Айта кетейік, турнир 26 мамыр мен 9 маусым арасында өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер