Әлем футболы

«Аякс» екі бірдей тарихи рекорд жасады

«Аякс» екі бірдей тарихи рекорд жасады
news-banner7
mobile-news-top

Чемпиондар лигасының жартылай финалына шыққан Амстердамның «Аякс» клубы екі бірдей тарихи рекорд жасады.

«Аякс» Чемпиондар лигасын іріктеу кезеңнен бастаған. Негізгі кезеңнің жолдамасы үшін Австрияның «Штурм» (2:0, 3:1), Бельгияның «Стандарт» (2:2, 3:0) және Украинаның «Динамо» (3:1, 0:0) командаларын жеңді. Осылайша, «Аякс» Чемпиондар лигасын іріктеу кезеңінен бастап, жартылай финалға дейін жеткен алғашқы команда атанды.

Оған қоса, «Аякс» бір маусымда «Реал» мен «Ювентусты» сырт алаңда ұтқан алғашқы команда.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер