Басқа

Үздік қазақстандық киберспортшының бірі сатылымға шығарылды

Үздік қазақстандық киберспортшының бірі сатылымға шығарылды
news-banner7
mobile-news-top

HellRaisers командасы қазақстандық ойыншы Абай «HObbit» Қасеновті сатылымға шығарды.

Бұл туралы команданың ресми сайты хабарлады. Команданың сапына 2018 жылы өнер көрсетіп кеткен Зигимантас «nukkye» Сипалистің келгеніне байланысты қазақстандық ойыншы сатуға шешім қабылданған.

HellRaisers командасының қазіргі құрамы:

Кирилл «ANGE1» Карасёв

Исса «ISSAA» Мурад

Томаш «oskar» Штястны

Кристиан «loWel» Гарсия Анторан

Зигимантас «nukkye» Сипалис

Сергей «lmbt» Бежанов (жаттықтырушы)

Бенце «DeadFox» Бороц (уақытша жарысқа қатыспайды)

Абай «HObbit» Қасенов (сатылымда).

Айта кетейік, Абай «HObbi»t Қасенов соңғы бес айда HellRaisers командасының сапында өнер көрсетті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер