Бокс

Boxingnews24: Бұл жекпе-жектен соң Головкин «Канелоға» қызық бола қоймас

Boxingnews24: Бұл жекпе-жектен соң Головкин «Канелоға» қызық бола қоймас
news-banner7
mobile-news-top

Boxingnews24 басылымы қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альварес арасындағы үшінші жекпе-жектің өтпеуі мүмкін екенін жазды.

- «Канелоның» тәуекелге бел буғысы келмеген Головкинмен жекпе-жек өткізгісі келе ме екен. Қазақстандық боксшы «Канелодан» жеңілгеннен соң танымал қарсыласпен жұдырықтасуы қажет еді. Бірақ Головкин атын ешкім естімеген боксшымен жекпе-жек өткізуді шешіпті. Осыдан кейін Альварес күзде басқа біреумен қолғап түйістіруді жөн деп шешетін шығар. Осы айдын басында «Канело» Головкин чемпиондық белбеуді жеңіп алса ғана қызық болатынын айтқан еді, - деп жазды Boxingnews24 басылымының тілшісі Марк Эйснер.

Айта кетейік, бүгін белгілі болғандай Геннадий Головкин 8 маусым күні Нью-Йоркте Madison Square Garden аренасында жеңіліп көрмеген канадалық Стив Роллспен (19-0, 10 КО) жұдырықтасады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер