Ауыр атлетика

Ибрагим Берсанов: Олимпиадаға қатысып, медаль алуды армандаймын

Ибрагим Берсанов: Олимпиадаға қатысып, медаль алуды армандаймын
news-banner7
mobile-news-top

Қытайдың Нинбо қаласында ауыр атлетикадан лицензиялық Азия чемпионаты басталады. Қазақстан атынан сынға түсетін спортшылар қатарында 2013 жылғы құрлық біріншілігінің қола жүлдегері Ибрагим Берсанов та бар.

Olympic.kz сайтына сұхбат берген зілтемірші Азия чемпионаты қарсаңындағы әсерімен, 2020 жылғы Олимпиада ойындарына қатысты жоспарымен бөлісті.

«Азия чемпионатына ұзақ әрі тыңғылықты дайындалдым. Осы жарыста еліміздің Әнұранын шырқатқым келеді. Ең бастысы, жарақаттан аулақ болу. Сондай-ақ, әлем чемпионатында жүлде алу да басты мақсаттарымның бірі. Әлемдік додада медаль алатын мүмкіндігімді босқа жібермесем деймін. Олимпиада ойындары туралы содан соң ғана ойлануға болады. Төртжылдық додасына қатысу үшін қолымнан келгенін аянып қалмаймын. Бастысы, Олимпиадаға қатысып қана қоймай, елімізге қомақты жүлде әкелу», - дейді спортшы.

Ибрагим Берсанов Қытайдағы Азия чемпионатында 109 келіге дейінгі салмақта сынға түседі.

Түпнұсқасы: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер