Головкиннің қарсыласы өз жеңісіне сенімді
![Головкиннің қарсыласы өз жеңісіне сенімді](https://prosports.kz/upload/news/content/203438_667c74f2f5b4c7906fd6903c96de4188.jpg?v=28650904)
Канадалық боксшы Стив Роллс (19-0, 10 KO) Геннадий Головкиннен (38-1-1, 34 КО) жеңілу үшін рингке шықпайтынын айтты.
— DAZN мен GGG-ге маған осындай тамаша мүмкіндік бергендері үшін алғысымды білдіремін. Мен өзімді осал боксшылардың қатарынанмын деп есептемеймін, Головкин қарапайым адам ғой, екеуміздің арамызда өтетін жекпе-жекте жеңіске жетіп, өз есімімді орта салмақтағы мықтылардың қатарына қосқым келеді,- деді Роллс.
Головкин — Роллс жекпе-жегі 8-ші маусымда Нью-Йорктағы «Мэдисон Сквер Гарденде» өтеді.