Хоккей

«Сарыарқа» Петров кубогының финалын сәтсіз бастады

«Сарыарқа» Петров кубогының финалын сәтсіз бастады
news-banner7
mobile-news-top

Қарағандылық «Сарыарқа» Жоғарғы хоккей лигасы плей-офф кезеңінің финалы аясында «Рубин» командасымен алғашқы матчын өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Тюменьде өткен финалдық сериясының бірінші ойыны аса тартысты болды. Айдын иелері екі мәрте алға шыққанымен, қонақтар екі сәтте де есепті теңестіре алды. Негізгі уақыттағы есеп - 2:2.

Ақыры Матч овертаймға ұласып, алаң иелері 3:2 есебімен жеңіске жетті.

Келесі ойын ертең, 17 сәуір бүгінгі алаңда өтеді.

Ал сериядағы үшінші, төртінші матчтар 20 және 21 сәуірде Қарағандыда өтеді.

ЖХЛ. Плей-офф. Финал. 1 матч.

«Рубин» (Тюмень, Ресей) – «Сарыарқа» (Қарағанды, Қазақстан) 3:2 2 ОТ (1:0, 1:1, 0:1, 0:0, 1:0)

1:0 Кравченко (Давыдов) 05:08

1:1 Ремов (Бутузов) 29:38

2:1 Кравченко (Веревкин, Тунзухин) 39:29 ГБ

2:2 Сиксна (Зиазов) 51:36 ГБ

3:2 Рехтин (Угольников) 83:40

Қақпашылар: Назаров – Рейзвих

Сериядағф есеп: 1:0

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер