Әлем футболы

«Манчестер Юнайтед» Коутиньоны сатып алудан бас тартты

«Манчестер Юнайтед» Коутиньоны сатып алудан бас тартты
news-banner7
mobile-news-top

«Манчестер Юнайтед» бразилиялық шабуылшы Филиппе Коутиньоны «Барселонадан» сатып алудан бас тартты.

Sport.es басылымының мәліметінше, «қызыл сойқандардың» басшылығы Чемпиондар лигасының 1/4 финалы аясында «Барселонамен» өткеннен матчтан соң осындай шешімге келуге мәжбүр болған. Өйткені аталмыш матчта жанкүйерлер «Ливерпульда» ойнаған Филиппе Коутиньоны қабыл алмайтындарын ашық білдірген.

Бұған дейін «Манчестер Юнайтед» Филиппе Коутиньо үшін 100 миллион еуро төлеуге әзір болғаны туралы белгілі болған еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер