Басқа

Париждегі марафонға қазақстандықтар қатысты

news-banner7
mobile-news-top

Парижде ерекше марафон өтіп, оған 60 мыңдай адам қатысты. Олардың үштен бірі шетелден келіпті. Арасында 20-дан астам қазақстандық болған, деп хабарлады 24.kz сайты.

«Astana» велокомандасының бас менеджері Александр Винокуров марафонды 2 сағат 55 минутты жүгіріп өтіп, жақсы нәтиже көрсетті. Тағы бір белгілі отандасымыз 42 шақырымнан асатын қашықтықта өзін сынап көрді.

Әлем бойынша өтетін марафондардың арасында Париждегісі ең танымал. Себебі ол жақсы ұйымдастырылуымен жолдардың тегістігімен әрі қаланың ең көрікті жерлерінде өтетіндігімен ерекше.

Жыл сайын Парижде рекордтар орнату дәстүрге айналған. Биыл да француздық спортшы әйелдер арасындағы елдің үздік жетістігін жаңартты. Алайда қатысушылардың көбі рекорд үшін емес, өзін сынап көру үшін келеді. Қазақстандық актриса Айсұлу Әзімбаева өмірінде алғаш рет марафонға қатысып, 3 сағат 46 минутта жүгіріп өткен. Бұл 5 айлық дайындығының жемісі.

Спорт маған күш берумен қатар, кәсібіміде де көмектесіп жүр. Марафон тек дене шынықтыру ғана емес, ең алдымен бұл мінез қайсарлығы және эмоция жағынан өзіңді ұстау қабілеті. Марафонда жүгіре алатын адамдардың рухы мықты болады деп ойлаймын, - деді актриса Айсұлу Әзімбаева.

Қатысушылар саны бойынша Париж марафоны жаңа рекорд орнаттты. Алғаш рет оған 60 мың адам тіркелген. Алматы тұрғыны Жанболат Қадыровтың пікірінше, салауатты өмір салты әлемде кеңінен таралып келеді.

- Жұрт спортсыз өмір сүруге болмайтынын түсіне бастады. Тұрмысы жақсарғандықтан шығар, адамдар дұрыс тамақтануына, өз денсаулығына көбірек көңіл бөлетін болды. Шынын айтайын, мән әуесқоймын, спортпен ешқашан айналысқан жоқпын. Тек соңғы бес жылда жүгіру, велосипед тебу және суға жүзумен белсенді айналысып жүрмін, - дейді кәсіпкер Жанболат Қадыров.

Қырық үшінші Париж марафонында Эфиопия және Кения спортшылары бәрінен озып шықты. Алайда шара ережесі бойынша қатысушылардың түгелі жеңімпаз саналады. Биыл олардың қатарында қазақстандықтар да бар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер