Әлем футболы

Англиядағы стадиондарға саяхат

Англиядағы стадиондарға саяхат
news-banner7
mobile-news-top

Футболдың отаны қайда екенін кез келген спортсүйер қауым жақсы біледі. Әрине, Англия ғой! Ең мықты чемпионат - АПЛ. Англияда 300-ден аса кәсіби футбол клубы бар. Ал сол ағылшын клубтары арасында Чемпиондар лигасын жеңген командалар аса көп емес. Prosports.kz тілшісі Чемпиондар лигасында топ жарған ағылшын клубтарының стадионына арнайы барып қайтты.

Тура екі жыл бұрын, 2017 жылы алғаш рет Англияға сапар шектім. Тұманды Альбионға келіп тұрып, ағылшын клубтарының стадиондарына бармауды өзіме ар деп санадым. Бірақ дәл менің жолым түскен стадиондарда доп тебетін командалардың Чемпиондар лигасын жеңген ұжымдар екеніне аса мән бермеппім әу баста. Сіз Еуропаның ең беделді турнирінде ағылшынның неше командасы жеңімпаз болғанын білесіз бе? Олардың саны бар болғаны бесеу.

1979 және 1980 жылдары Еуропаны шулатқан «Ноттингем Форест» командасы бар. Қазір жағдайы аса мәз емес. Чемпионшиптен шыға алмай жүргеніне біраз болды. Бірақ бұған қарамастан, стадионында халық көп, жанкүйерлері өте белсенді. Командасын сатқан, басқа клубқа ауыстарған жанкүйері жоқ. Дәстүр бұзылмаған, жергілікті халық сүйікті командаларының күндердің күнінде АПЛ-да ойнайтынына бек сенімді. «Ноттингемнің» стадионына барамын деп еш ойламадым, бірақ мен келген күні тарихы бай команда кезекті тур ойынын «Блэкбернге» қарсы өткізіп жатты.

1982 жылы «Астон Вилла» командасы Чемпиондар лигасында оза шапты. Бирмингем қаласына барғаннан кейін, көне клубтың стадионын аралап қайттым. Аталған команда да бүгінде Чемпионшиптен шыға алмай жүр.

1977, 1978, 1981, 1984, 2005 жылдары атой салған тағы бір даңқты команда бар. Былтыр алтыншы мәрте Чемпиондар лигасында топ жаруға мүмкіндігі болды. Алайда «Ливерпуль» жеңіліп қалды.

«Олд Траффорд» стадионының ішін аралап көрдік. Футболшылардың жуынатын жерінен бастап, киім ауыстыратын бөлмелеріне бас сұқтық. Керемет әсер алдым. Қызым екеуіміз алаңға футболшылар секілді шыққан сәтті ұмыту мүмкін емес. Айта кетсем, МЮ Чемпиондар лигасын 1968, 1999, 2008 жылдары жеңіп алды.

Чемпиондар лигасын бергіде жеңген тағы бір ағылшын клубы бар. 2012 жылы «Челсидің» бағы жанды. «Стэмфорд Бридж» стадионы ерекше үлгіде салынған. Стадионның айналасында даңқты футболшыларының суреттері бейнеленген. Ерекше сезімге берілесің.

Жалпы мен бүгін өзім барған бес стадионға тоқталдым. Алдағы уақытта «Бока Хуниорс» командасының стадионы, «Сантьяго Бернабеу», «Лестер» ФК стадионы, «Стад де Франс«, «Уэмблиде» алған әсерлеріммен бөлісемін.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер