Екінші лига: Турдың жеті матчына келген жанкүйерлер саны мыңға да жетпеді
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызФутболдан Қазақстан Екінші лигасы жетінші турының жеті матчын стадионнан тамашалау үшін 820 жанкүйер келген, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.
«Тараз» бен «Жетісу» жастарының матчын 300 жанкүйер тамашалаған. Ал «Рузаевка» – «Қыран Ж» (0:0), «Атырау Ж» – «Тобыл Ж» (2:3), «Оқжетпес Ж» – «Арыс» (1:3) және «Оңтүстік Академиясы» – «Алтай Ж» (4:3) матчтарына 100 жанкүйерден келген.
«Ақсу» мен «Қайсар Ж» (2:1) матчы 70, «Ертіс Ж» - «Ордабасы Ж» (2:3) кездесуі 50 фанатты ғана қызықтыра алған.