Дзюдо

Алматыда дзюдодан Азия кубогы өтеді

Алматыда дзюдодан Азия кубогы өтеді
news-banner7
mobile-news-top

20-21 сәуір күндері Алматы қаласында Бекет Сапабекұлы Махмұтовтың құрметіне арналған жасөспірімдер мен жастар арасында дзюдодан Азия кубогы өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты Дзюдо федерациясына сілтеме жасап.

Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) күнтізбесіне сәйкес өткізілгелі отырған әлемдік додаға 2002-2003 жылдары дүниеге келген жасөспірімдер мен 1999-2001 жылдары туған жас татами шеберлері қатысады.

Биыл үшінші рет ұйымдастырылып отырған Азия кубогына Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Моңғолия және Ресейден барлығы 400-ден астам дзюдошы қатысады деп жоспарланған.

«Халық Арена» спорт сарайында өтетін Азия кубогының жарыс кестесі:

20 cәуір

Жасөспірімдер

Жарыстың басталуы – 10:00

Жарыстың ресми ашылу салтанаты– 16:30

Финалдық белдесулер – 17:00

Ұлдар: -50 кг, -55 кг, -60 кг, -66 кг, -73 кг, -81 кг, -90 кг, +90 кг;

Қыздар: -40 кг, -44 кг, - 48 кг, - 52 кг, -57 кг, -63 кг, -70 кг, -78 кг, +78 кг;

21 сәуір

Жастар

Жарыстың басталуы – 10:00

Финалдық белдесулер – 16:30

Ұлдар: -60 кг, -66 кг, -73 кг, -81 кг, -90 кг, -100 кг +100 кг;

Қыздар: - 48 кг, - 52 кг, -57 кг, -63 кг, -70 кг, -78 кг, +78 кг.

Түпнұсқасы: fdk.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер