Теннис

Дмитрий Попко АҚШ-тағы турнирді ұтты

Дмитрий Попко АҚШ-тағы турнирді ұтты
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық теннисші Дмитрий Попко АҚШ-тағы Санрайз ITF турнирінің финалында америкалық Себастьян Кордамен күш сынасты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Попко дүниежүзілік рейтингте 623-орында тұрса, қарсыласы 515-сатыда еді. Дмитрий биыл 23-ке, С.Корда 19 жасқа толады. Сондықтан төменгі орында жүрген теннисшілер ITF турнирлерін сәтті өткізсе, рейтингісі көтеріліп, бірте-бірте бәсі әлдеқайда жоғары жарыстарға шыға алады. Бірінші партияда Д.Попко доп берген үшінші гейм тартысты өрбіді. Дегенмен Дмитрий өз геймін бермей, содан кейін брейк жасап, алға шықты - 3:1. Тағы бір брейк - 5:1. Бұдан кейін С.Корда есепті қысқарта алғанымен, қазақстандық теннисші одан әріге жіберген жоқ - 6:3. Екінші сетте есеп 4:3 болған мезетте америкалық теннисші брейк жасай білді - 5:3. Ақыры ол қарымта қайырды - 6:3. Үшінші, шешуші партияда есеп 3:3 болғанда, С.Корда брейкке қол жеткізді. Попко да қалыспады - 4:4. Ақыры матчты тағы бір брейкпен бітірді - 6:4. Нағыз финалға тән тартысты бәсеке 2 сағат 23 минутқа созылды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер