Басқа

Қазақстандық киберспортшының командасы әлемдік турнирде топ жарды

Қазақстандық киберспортшының командасы әлемдік турнирде топ жарды
news-banner7
mobile-news-top

АҚШ-та Counter Strike: Global Offensive тәртібі бойынша өткен BLAST Pro Series 2019 әлемдік турнир мәресіне жетті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Байрақты бәсекеде солтүстікамерикалық Faze Clan командасы жеңіске жетті. Бұл ұжымда қазақстандық киберспортшы Дәурен "Adren" Қыстаубаев өнер көрсетеді.

Ақтық кездесуде қазақстандық ойыншының командасы голландиядық Team Liquid ұжымымен күш сынасты. Екі жеңіске жеткен Faze Clan жарыс жеңімпазы атанды.

Бірінші орынға - $125 000 жүлде қоры табысталды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер