Beautiful Football

Ұлан Қонысбаев төрешілерді сынады

Ұлан Қонысбаев төрешілерді сынады
news-banner7
mobile-news-top

Ел біріншілігінің 5-тур ойындары аяқталысымен «Оқжетпестің» ойыншысы Ұлан Қонысбаев төрешілердің жұмысын сынады.

Кезекті турда «Оқжетпес» өз алаңында «Тобылды» қабылдаған. Есеп - 2:1, қостанайлықтардың пайдасына. Ұлан Қонысбаев Instagram парақшасына 56 минутта Максим Фединнің гол соққан сәтінің видеосын жүктеп, өз пікірін білдірген:

«Міне, біздің Қазақстанда осылай төрелік етеді! Мұндай төрешілерді футболдан өмір бақи шеттету қажет. Бұлай отандық футбол ешқашан дамымайды», - деп жазыпты.

Ал Болгария чемпионатында доп теуіп жүрген Еркебұлан Сейдахмет «Келесі матчта қызыл қағаз алып тұрсың ғой» - деп қалжыңдап, пікір қалдырған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер