Бокс

«ММА-ге кел, қалқатай»

«ММА-ге кел, қалқатай»
news-banner7
mobile-news-top

Prosports.kz тілшісі бокс әлеміндегі қызықты оқиғаларға шолу ұсынады.

«ММА-ге кел, қалқатай». МакГрегор Ломаченконы UFC-ге шақырды

Екі салмақ дәрежесінде UFC-дің бұрынғы чемпионы Конор МакГрегор бокстан әлем чемпионы Василий Ломаченконы MMA-де күш сынауға шақырды.

“Василий, UFC-де сенің салмағыңда Олимпиада чемпионы бар. Бұл сенің дебютің үшін тамаша. Күш сынап көрсеңші”, - деп жазды МакГрегор Твиттерде.

МакГрегор Ломаченкоға қарсылас ретінде Хенри Сехудоны айтып тұрғаны айдан анық. Ол Бейжің Олимпиадасының жеңімпазы.


Ломаченко ирландиялықтың бұл жазбасына әзірше жауап қайтарған жоқ, бірақ Мейвезердің протежесін келемеждеп үлгерді.
«Дэвис - твиттердегі ең мықты боксшы»

WBA (Super) және WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Джервон Дэвисті (21-0, 20 КО) мазақ қылған.

Еске салайық, кеше Ломаченко британиялық Энтони Кролланы төртінші раундта «төмпештеп» ұтқан.

Дэвис бұрындары Ломаченконы желіде боқтап намысына тиген еді. Кешегі баспасөз жиынында украиналық Джервонды «жер қылды».

«Меніңше, Дэвис - твиттердегі ең мықты боксшы», - деді Ломаченко.

Джейкобс - Альварес жекпе-жегінің жеңімпазы Деревянченкомен кездеседі

Ломаның отандасы Сергей Деревянченко эквадорлық боксшы Джек Кулкайды жеңіп чемпиондық аттаққа ұмтылуда.

АҚШ-тың Миннеаполис штатында өткен жекпе-жек 12 раундқа жалғасқан. Төрешілердің біраузды шешімімен жеңіс «Астана» Арландарының» бұрынғы легионеріне берілді.


Осылайша, украиналық спортшы IBF тұжырымы бойынша орта салмақтағы чемпиондық белбеуге үміткер атанды. Қазір аталмыш титул Дэниэл Джейкобста (35-2, 29 КО). Ол мамырдың 4-де Сауль «Канело» Альвареспен (51-1-2, 35 КО) айқасады.

Джейкобс - Альварес жекпе-жегінің жеңімпазы Деревянченкомен кездесуге міндетті болады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер