русский язык
Футзал

«Газпром-ЮГРА» - Еременко кубогының қола жүлдегері

«Газпром-ЮГРА» - Еременко кубогының қола жүлдегері

Футзалдан Еременко кубогы аясында үшінші орын үшін өрбіген кездесуде «Газпром-ЮГРА» мен «Тюмень» командалары түйісті.

 

«Тюмень» аяқдопшылары ойынды белсеңді бастап бесінші минутта есепті ашты.  Феррао кездесудегі алғашқы голдың авторы атанды. «Газпром» ойыншылары бірден есе қайтаруға ұмтылды. Матчтың 10-шы минутында Робиньо таразы басын теңестірген – 1:1. «Тюменьдіктер»  ойын тізгінін өз қолдарына алды. Қарымта шабуылда «Газпром» ойыншысы құйтырқы соққы жасады, бірақ қарсыластардың қорғаушысы қауіпті қайтара білді. Ойынның 20-шы минутында «Тюмень» ойыншысы Иван Милованов «Газпром»  қателігін пайдаланып командасын алға шығарды – 2:1. Бірінші таймның соңында «Газпром» ойыншылары есепте теңестіретін мүмкіндерін жіберіп алды.

 

Екінші тайм қарқынды басталды. «Газпром» ойыншылары бірден шабуылға ұмтылып, есепті теңестірді – 2:2. Голдың авторы - Данил Давыдов. «Газпром» ойыншылары жиі шабуылдауда, нәтижесінде Нето жойқын соққымен есепті 3:2-ге жеткізді. «Газпром» ойыншылары тағы бірнеше гол соғатын мүмкіндіктерін жүзеге асыра алмады. Дегенмен, ойынның 34-ші минутында «Газпромдық» Данил Давыдов он қапталдан жойқын соққымен тоғыздықты дәл көздеді. «Тюмень» ойыншылары есепті қысқартуға ұмтылған, бірақ шабуылдары өткір емес. Матчтың он сегізінші минутында ереже бұзғаны үшін алаңнан «Тюмень» ойыншысы Феррао қуылды. Осы мүмкіндікті «Газпром» ойыншылары ұтымды пайдаланып, команда капитаны Александр Копейкин есепті ірігежеткізді – 5:2. Қақпашының орнына бесінші ойыншыны шығарған «Тюмень» опық жеп қалды. Алаңның ортасында допты тартып алған Робиньо екі-үш ойыншының үстінен асырып нәтижені қорытындылады  – 6:2. «Газпром» - Еременко кубогының қола жүлдегері атанды.

 

 

Еременко кубогы. 3-ші орын үшін ойын.

«Газпром-ЮГРА»-«Тюмень»- 6:2 (1:2)

Голдар: Робиньо, 10, 45, Давыдов, 27, 38, Нето 28, Копейкин, 43 – Феррао, 6, Милованов, 21

«Газпром-ЮГРА»: Купатадзе, Слемзин, Копейкин (к), Лысков, Марсенио, Рубиньо, Нето, Чишкала, Чистополов, Давыдов, Кудзиев, Дорофеев.

«Тюмень»: Греуто, Феррао, Переверзев (к), Фелипе, Чухрий, Афранио, Милованов, Абышев, Абрамович, Логинов, Антошкин, Мурашов, Батырев, Лобков.

Алматы. 9-шы наурыз. «Балуан Шолақ» атындағы спорт кешені.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;