русский язык
Футбол

«Ақтөбе» – Қазақстан суперкубогының иегері!

«Ақтөбе» – Қазақстан суперкубогының иегері!

Бүгін футболдан ел суперкубогының ақтық кездесуінде «Ақтөбе» мен «Шахтер» күш сынасты.

«Астана Аренада» алаңына ел чемпионы «Ақтөбе» мен ел кубогының иегері қарағандылық «Шахтер» шықты. Матчтың басы «кеншілердің» шабуылымен өтті. Алтыншы минутта Неко сол қапталдан сырылып өтіп, Мокиннен допты асыра алмады. Артынша, «Ақтөбе» ойыншысы Мирошниченко Некоға пас шығарып берді, бірақ соңғысы сәтсіз соққы жасады. Қарымта шабуылда Мұртазаевтың жойқын соққысын Сидельников сәтті қайтарды. Матчтың 39-шы минутында Александр Гейнрихтің қатты соққысы қақпадан қисық кетті. Араға екі минут салып, «Ақтөбе» ойыншыларының тамаша комбинациясынан кейін Гейнрих қақпа бағанасына тиді. Алғашқы тайм тең есебімен аяқталды.

Екінші таймның басын қарағандылықтар белсеңді бастады, Роман Мұртазаевтың соққысын Сидельников қайтара білді. Ал, бұрыштамадан кейін Василевичтің баспен соққысына дәлдік жетіспеді. «Кеншілер» ақтөбеліктерді біраз қыспаққа алуда. Оңтайлы сәттердің бірінде «Ақтөбе» ойыншысы Данило Неко тоғыздыққа соққы бағыттады, бірақ сәтсіз. Ойын тартысты өрбіп жатыр. Ал, матчтың 68-ші минутында «Ақтөбе» қарымта шабуылда есеп ашты, алдымен Хайруллин Гейнрихке пас берсе, Александр Неконы бірге-бір шығарды, «Ақтөбенің» жаңа ойыншысы мүлт етпеді – 1:0. «Шахтер» ойыншылары бірден жауап қайтарды, Симчевичтің соққысын Сидельников қайтарса, Финонченкоға дәлдік жетіспеді. Ойынның 75-ші минутында Гейнрих есепті еселейтін тамаша мүмкіндікті жіберіп алды. Артынша, Хайруллиннің жойқын соққысын Мокин сәтті қайтарды. Ақтөбеліктер толықтай допқа иелік етті. Ойын аяқталуына үш минут қалғанда Хайрулиннің керемет пасынан Гейнрих өз мүмкіндігін жүзеге асыра алмады. Кездесу аяқталды, қорытынды есеп 1:0. 


Қазақстан суперкубогы – 2014.

 

«Ақтөбе» (Ақтөбе) – «Шахтер» (Қарағанды) 1:0 (0:0)
 

Гол: Неко, 68 (1:0)
 

Ескерту алғандар: Логвиненко (32), Конысбаев (58) – Симчевич (38)
 

«Ақтөбе»: Сидельников, Мулдаров, Бадло, Мирошниченко, Хайруллин, Неко (Тағыберген, 90), Арзуманян, Коробкин, Логвиненко, Гейнрих (Шабалин, 89), Кападзе (Пизелли, 72)
 

«Шахтер»: Мокин, Симчевич, Малый, Василевич, Порываев, Қонысбаев, Байжанов, Фернандес (Саломов, 83), Финонченко, Мұртазаев (Лунин, 77), Топчагич (Мурзоев, 70)

9-шы наурыз. «Астана Арена» стадионы.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;