Велоспорт

Йон Исагирре «Басктер елі турын» жеңіп алды

Йон Исагирре «Басктер елі турын» жеңіп алды
news-banner7
mobile-news-top

«Басктер елі туры» велокөпкүндігінің қорытынды кезеңінде өнер көрсеткен «Астана» велошабандозы Йон Исагирре турнирдің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

118,2 шақырымдық жарыстың алтыншы кезеңінде британиялық Адам Йейтс (Mitchelton-Scott) бірінші болып мәре сызығын кесті. Жеңімпаздан 1 секундқа қалып ирландиялық шабандоз, UAE-Team Emirates командасының өкілі Даниэль Мартин, артынша «Астананың» екі велоспортшысы Якоб Фульсанг пен Йон Исагирре келді.

Испаниялық велошабандоз Йон Исагирре жалпы есепте «Басктер елі турын»-2019 жеңіп алды.

«Басктер елі туры». 6-кезең. Эйбар - Эйбар. 118,2 км:

1. Адам Йейтс (Mitchelton-Scott) 2:59:46

2. Даниэль Мартин (UAE-Team Emirates) +0:01

3. Якоб Фульсанг (Astana Pro Team)

4. Йон Исагирре (Astana Pro Team) – екеуі де сол уақытта

Жалпы есеп:

1.Йон Исагирре (Astana Pro Team) 19:24:09

2. Даниэль Мартин (UAE-Team Emirates) +0:29

3. Якоб Фульсанг (Astana Pro Team) +0:36

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер