русский язык
Хоккей

ҚХЛ. «Барыс» плей-офф кезеңін жеңіспен бастады

ҚХЛ. «Барыс» плей-офф кезеңін жеңіспен бастады

Құрлықтық хоккей лигасы аясында Шығыс конференциясының бірінші ширек финалдық кездесуінде елордалық «Барыс» пен екатеринбургтік «Автомобилист» кездесті.

Матчтың бірінші кезеңінде есеп ашылмады. Екінші периодтың басында «Автомобилист» хоккейшісі Артем Чернов есепті ашты – 1:0. Араға төрт минут салып елордалықтар есепті теңестірді. Голдың авторы – Старченко. Үшінші периодтың төртінші минутында айдын иелері есепте алға шықты, Савченконың пасынан Старченко дубль жасады – 2:1. Екі минуттан кейін, қарымта шабуылда қонақтардың хоккейшісі Сами Леписте таразы басын теңестірді – 2:2. Негізгі уақыт тең есеппен аяқталды.

Әйтсе де овертаймда Роман Савченко қазақстандық командаға жеңіс сыйлады – 3:2.

Осылайша, «Барыс» хоккейшілері сериядағы есепті ашты - 1:0. Сондай-ақ, ертең Астанада қос команда арасындағы екінші кездесу өтеді.  

 

«Барыс» (Астана) – «Автомобилист» (Екатеринбург) 3:2 ОТ (0:0, 1:1, 1:1, 0:0, 1:0)

0:1 – Чернов – 20:35
1:1 – Старченко – 24:00
2:1 – Старченко (Савченко) – 44:03
2:2 – Леписте (Чернов, Виклунд) – 46:23
3:2 – Савченко – 80:42

Қақпашылар: Ахонен (Еремеев, 67:05 – 80:42) – Коварж

Сериядағы есеп: 1:0

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;