ММА

UFC президенті: Макгрегормен бетпе-бет жолығып, сөйлесеміз

UFC президенті: Макгрегормен бетпе-бет жолығып, сөйлесеміз
news-banner7
mobile-news-top

UFC ұйымының президенті Дана Уайт екі салмақ дәрежесінде әлем чемпионы болған Конор Макгрегордың қашан сегізбұрышқа оралатынын мәлімдеді.

- Макгрегор әлі сегізбұрышта жұдырықтасатын болады. Мен онымен күнде сөйлесемін. Қарым-қатынасымыз жақсы. Жуық арада барлық мәселе шешімін табады деп ойлаймын.

Әзірге оның қашан жекпе-жек өткізетіні белгісіз. Бірақ жақын уақытта бәрін анықтаймыз. Флоридада бетпе-бет кездесіп, сөйлесеміз», — деді Уайт CNN арнасына берген сұқбатында.

Айта кетейік, жақында Макгрегор спортшы мансабымен қош айтысқанын мәлімдеп, арада тоғыз күн өткенде қайтып оралған еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер