Әлем футболы

Роберто Фирмино - Чемпиондар лигасының осы аптадағы үздік ойыншысы

Роберто Фирмино - Чемпиондар лигасының осы аптадағы үздік ойыншысы
news-banner7
mobile-news-top

«Ливерпульдің» шабуылшысы Роберто Фирмино Чемпиондар лигасының осы аптадағы үздік ойыншысы атанды.

Бразилиялық футболшы Чемпиондар лигасының ширек финалы аясында өткен «Портуға» (2:0) қарсы матчта гол соғып, нәтижелі пас берді.

Аптаның үздігі атануға «Тоттенхэм Хотспурдың» шабуылшысы Сон Хын Мин, «Аякстың» жартылай қорғаушысы Френки де Йонг және «Барселонаның» қорғаушысы Жерар Пике үміткер болған.

Чемпиондар лигасы. 1/4 финалы кездесулерінің нәтижесі:

«Ливерпуль» — «Порту» — 2:0
«Тоттенхэм» — «Манчестер Сити» — 1:0
«Аякс» — «Ювентус» — 1:1
«Манчестер Юнайтед» — «Барселона» — 0:1.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер