Басқа

Депутаттар спортшы балаларды ҰБТ-дан босатуды сұрады

Депутаттар спортшы балаларды ҰБТ-дан босатуды сұрады
news-banner7
mobile-news-top

Сенаторлар бірыңғай ұлттық тестілеуден спорт саласындағы табысқа қол жеткізген үміткерлерді босатуды сұрайды.

Депутат Мұрат Бақтиярұлының бұлай өтініш білдіруінің себебі - колледж түлектері өнер және спорт саласындағы халықаралық деңгейде жоғары жетістіктерге жеткенімен ҰБТ-дан төмен балл жинайды. Сол себепті жоғары оқу орындарына грантқа түсе алмайды.

- Өнер және спорт - Қазақстанның халықаралық беделіне ықпал ететін салалар. Екі мамандықты оқыту өз ерекшеліктеріне ие, өйткені оқыту мектептен басталады, - деді сенаттың жалпы отырысында премьер-министрдің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықованың атына өтініш білдірген Мұрат Бақтиярұлы.

Ол көркемөнер және спорт мектептерінде оқу 4-сыныптан басталады деп атап өтті.

- Содан кейін олар арнайы оқу орындарына, колледждерге барады. Одан әрі жоғары оқу орындарында оқыту жалғасады. Өнер және спорт салаларында үздіксіз білім беруді қалыптастырудың нәтижесінде халықаралық жарыстарда еліміздің абыройын қорғап, жоғары наградаларға қол жеткізетін жоғары білікті мамандар даярланады. Бүгінгі күні өнер саласындағы жеті колледжде жыл сайын 600-ден астам түлек шығады. Спорт саласында - 5 арнайы колледж бар, онда 200-ге жуық түлек шығарады, - деді сенатор.

Сонымен қатар, сенатор атап өткендей, жыл сайын түлектердің 60-70 пайызы жоғары оқу орындарына құжат тапсырады, алайда соңғы жылдары колледж түлектеріне жоғары білім алу үшін белгілі бір қиындықтар туындаған.

- 2018 жылы дене шынықтыру және спорт саласына 450 грант бөлініп, 2353 өтініш берілді. Байқау қорытындысы бойынша 1222 спортшы үміткерлер арасында тек 107 спортшы мемлекеттік грант алды. Ал жүздеген спортшы, түрлі жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері, 11 халықаралық спорт шебері, 50 спорт шебері, 300-ден астам спорт шеберіне үміткер мемлекеттік грантты иелене алмады, - деді ол.

Түпнұсқасы: stan.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер