Басқа

«Astana» клубы Ресей чемпионатында 5-ші орын алды

news-banner7
mobile-news-top

Қазанда үстел теннисінен 2018/2019 жылғы маусым аяқталып, 16 команда арасындағы Суперлига мәресіне жетті. Аталған сынға қатысқан ТТС «Astana» командасы біріншілікте бесінші орынға тұрақтады.

Соңғы жарыс күнінде қазақстандық команда бір ойында жеңіп, бір ойында жеңіліске ұшырады. Осылайша, жалпы есепте бесінші орын иеленді.

Қазандағы он ойынның тоғызында жеңіске жеткен Зәуреш Ақашева команда үздігі саналады. Ал Анастасия Лаврова жеті ойында өз мықтылығын көрсеткен.

Түпнұсқасы: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер