русский язык
Футзал

Кака: «Мұндай жарыстарда өте білікті қазылар жұмыс істеу керек»

Кака: «Мұндай жарыстарда өте білікті қазылар жұмыс істеу керек»

Матч соңынан ұйымдастырылған баспасөз маслихатында «Қайрат» пен «Газпром-ЮГРА» футзал клубтарының бас бапкерлері ойын жайлы пікірлерімен бөлісті.

Какау, «Қайрат» футзал клубының бас бапкері:

- Бүгінгі матч керемет өтті. Қарсыластар бірінші кезеңде бізден мықтырақ болған. Үзіліс кезінде ойыншыларыма қатаң ескертулер жасап қорғаныста қателік жасамауға бұйырық бердім. Ал ойын соңында болған ауыз түйістерге келсек, меніңше футболшылар мықтылығын алаңда дәлелдеу керек. Ойын соңынан төрешіге шағымданып, алқынып-жұлыну адамгершілікке жатпайды. Бүгін алаңда Еуропаның маңдай алды командалары кездесті. «ЮГРА» папкері Какаға тек сәттілік тілеймін.

 

Кака, «Газпром-ЮГРА» футзал клубының бас бапкері:

- Ойын «супер» болды. Қос клуб та сапалы ойын көрсетті. Трешілер ғана көңілге қаяу түсірді. Мұндай жарыстарда өте білікті қазылар жұмыс істеу керек деп ойламын. Әріптесім Какауны бұрыннан танимын және сыйлаймын. Финалда бүгінгідей тамаша футбол көрсетіңіздер!

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;