Басқа

Парламентте допингке қарсы заң жобасы қаралып жатыр

Парламентте допингке қарсы заң жобасы қаралып жатыр
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Тимур Құлыбаев Парламентте допингке қарсы заң жобасы қаралып жатқанын мәлімдеді.

«Допингке деген теріс көзқарасымызды нақты әрі сенімді түрде жариялауымыз керек. Сол себепті, әрбір спортшы, әрбір бапкер мен әрбір кешенді-ғылыми топ қызметкері біздің спортшыларды аталған проблемадан сақтандыру керектігін түсінуі қажет. Бұл тұрғыда біз ең мықты ұстанымнан бас тартпаймыз. Егер қандай да бір ереже бұзушылық байқалып, дәлелденсе, спортшылар мен жаттықтырушыларды түрлі тәсілдермен жазалауға міндеттіміз. Бүгінде Парламентте спортшының жауапкершілігін арттыра түсетін допингке қарсы заң жобасын қаралып жатыр. Осы орайда депутаттардың спортқа оң көзқарас танытып, мұндағы проблемаларды бірлесе шешуге үн қосқанына алғыс айтқым келеді», - деді ҰОК президенті Тимур Құлыбаев.

Сондай-ақ, Тимур Құлыбаев олимпиада ойындары алдында спортшылардың дайындығы туралы пікір білдірді.

«Ең алдымен спортшылардың функционалдық дайындығы мен фармакологиялық тұрғыдан қамтамасыз етілуін реттейтін ресурстарымыз болуы тиіс. Сондай-ақ, спортшыларды ең басты жарыстарға нағыз бабында апаруға міндеттіміз. Кешенді-ғылыми топ мүшелері олармен тығыз жұмыс істеуі керек», - деді Тимур Құлыбаев.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер