Басқа

Таеквондошыларымыз әлем чемпионатында бақ сынайды

Таеквондошыларымыз әлем чемпионатында бақ сынайды
news-banner7
mobile-news-top

Таеквондодан Қазақстан құрамасының бас бапкері Ю Йонг Джин ұлттық құраманың алдағы жоспарларымен бөлісті.

- Мамыр айында Манчестер қаласында таеквондодан әлем чемпионаты өтеді. Әлемдік дода алдында Оңтүстік Кореяда өтетін оқу-жаттығу жиындарына қатысамыз. Біздің алдымыздағы ең маңызды дода – Токиодағы Олимпиада ойындары. Төртжылдық додасына қатысу үшін Бүкіләлемдік таеквондо федерациясы түзген рейтингте үздік бестікке ену қажет. Әзірге бізде мұндай спортшылар жоқ. Десе де, әлем чемпионатынан кейін өтетін Азия аймақтық іріктеу сынында олимпиада жолдамасын иеленетін мүмкіндігіміз бар, - дейді ұлттық құраманың бас бапкері Ю Йонг Джин.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер