русский язык
Футзал

«Синара» - Еременко кубогының финалында!

«Синара» - Еременко кубогының финалында!

Футзалдан Еременко кубогы аясындағы төрттік финалдың алғашқы матчында «Синара» мен «Тюмень» командалары кездесті.

«Балуан Шолақ» атындағы спорт кешенінің төріне қос ресейлік ұжым шықты. «Синара» футзалшылары ойынды белсеңді бастады. Дегенмен оларға дәлдік жетіспеді. Әйтсе де, матчтың бесінші минутында «Тюмень» ойыншысы Николай Переверзев жойқын соққымен есепті ашты – 1:0. Кейін,«Тюмень» ойыншылары бірнеше оңтайлы сәттерін іске асыра алмады. Матчтың 16-шы минутында қарымта шабуылдың нәтижесінде «Синара» ойыншысы Сергей Абрамов екі ойыншыны алдап өтіп, таразы басын теңестірді – 1:1. Жалпы ойын біркелі жылдамдықпен өтуде. Бірінші кезеңнің аяқталуына бір минута қалғанда «Синара» ойыншысына қарсы ереже бұзылды, алайда айып соққысы сәтсіз орындалды.

Екінші тайм басталысымен, «Синара» ойыншысы қауіпті соққы жасады, бірақ допты қақпашы сәтті қайтара білді. Артынша «Тюмень» бірнеше соққы жасап ойын тізгінін қолына ала бастады. Оңтайлы сәтте «Синара» ойыншылары «Төменнің» қателегін пайдаланып кетті.  Андрей Бастриков өз командасын есепте алға шығарды – 2:1. «Тюмень» ойыншылары есепті қысқартуға ұмтылды, алайда соққыларына дәлдік жетіспеді. Дегенмен, 33-ші минутта «Тюмень» командасы есепті теңестіріп кетті. Гол авторы – Андрей Батырев. «Синара» ойыншылары біраз шаршап қалған секілді, «Тюмень» командасы белсенділік танытуда. Тюменьдіктердің бірнеше қауіпті соққысын Георгий Замтрадзе сәтті қайтарды. Ақыры, негізгі уақыт тең аяқталды – 2:2.

 Қосымша уақыт «Тюменнің» шабуылдарымен басталды. Замтрадзенің қақпасына соққылар жиі бағытталды. Командасын бірде өзі құтқарса, кей кезде қарсылас шабулшыларға дәлдік жетіспеді. Ұрымтал сәттердің бірінде «Синара» ойыншысы бұрыштамадан кейін соққы жасады, бірақ Греуто өз қақпасын құтқарып қалды. Қосымша уақытта жеңімпаз анықталмады.

Мықтыны матч соңындағы пенальти сериясында айқындауға тура келді. Бағы мен бабы келіскен «Синара» ойыншылары бір голға артық соғып минималды есеппен жеңіске жетті - 6:5.

Еременко кубогы. Төрттік финал. Бірінші жартылай финал

«Тюмень»-«Синара»- 2:2 (пенальтиден 5:6)

Голдар: Переверзев, 5, Батырев, 32 – Абрамов, 16, Бастриков, 29  

«Тюмень»: Греуто, Афранио, Феррао, Переверзев, Милованов, Абышев, Абрамович, Логинов, Антошкин, Фелипе, Батырев, Лобков, Чухрий.

«Синара»: Зуев, Замтрадзе, Абрамов, Агапов, Афанасьев, Бастриков, Герасимов, Иванов, Качер, Кузнецов, Мохов, Фахрутдинов, Шистеров, Шевчук.

7-ші наурыз. Алматы. «Балуан Шолақ» спорт кешені.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;