русский язык
Хоккей

ЖХЛ. Плей-офф. «Сарыарқа» «Динамоны» ұтып, жалпы есепте алға шықты

ЖХЛ. Плей-офф. «Сарыарқа» «Динамоны» ұтып, жалпы есепте алға шықты

Жоғары хоккей лигасы аясында 1/8 плей-офф финалының үшінші кездесуінде қарағандылық «Сарыарқа» хоккей клубы мәскеу облысының «Динамосын» ұтты.

Қарағандылық команда ресейліктердің қақпасына үш жауапсыз гол соқты. Константин Макаров, Михал Махо мен Кирилл Лебедев голдардың авторы атанды. Қорытынды есеп 3:0.

Осылайша, қос команда арасындағы үш кездесудің қорытындысы бойынша «Сарыарқа» жалпы есепте 2:1 есебімен алға шықты.

«Динамо» (Балашиха) – «Сарыарқа» (Қарағанды) 0:3 (0:0, 0:2, 0:1)

0:1 – Макаров (Лучкин) – 36:47

0:2 – Махо (Антоновский) – 39:07

0:3 – Лебедев (Лучкин, Макаров) – 40:26

Қақпашылар: Заливин – Ковач

Жалпы есеп: 2:1

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;