русский язык
Хоккей

ЖХЛ. Плей-офф. «Қазцинк-Торпедо» «Дизельден» басым түсті

ЖХЛ. Плей-офф. «Қазцинк-Торпедо» «Дизельден» басым түсті

Өскемендік «Қазцинк-Торпедо» хоккей клубы ЖХЛ-ның плей-офф кезеңі аясындағы үшінші 1/8 финалдық кездесуінде пензалық «Дизельді» ұтты.   

Матчтың бірінші периоды голсыз аяқталды. Ал, екінші кезең өте қызық өрбіді алдымен қонақтар есепті ашса, кейін өскемендіктер төрт рет Алексей Семеновтың қақпасын дәл көздеді. Үшінші периодта пензалықтар тағы бір гол қайтарды, дегенмен шығыс қазақстандық Александр Казначеев жалпы есепті қорытындылады – 5:2.

Осылайша, екі команданың арасындағы жалпы есеп - 2:1 Қазцинк-Торпедоның пайдасына өзгерді. Ертең қос ұжым Өскеменде тағы бір кездесу өткізеді.

 «Қазцинк-Торпедо» (Өскемен) – «Дизель» (Пенза) 5:2 (0:0, 4:1, 0:1)

0:1 – Кузьмин (Зотов) – 27:44

1:1 – Сергиенко (Шестаков, Савицкий) – 30:15

2:1 – Жмаев (Петрюк, Сергиенко) – 33:48

3:1 – Огородников (Беляев, Рымарев) – 38:01

4:1 – Казначеев (Токарев) – 39:10

4:2 – Нефедов (Мисюль, Тарасов) – 52:29

5:2 – Казначеев – 59:19

Қақпашылар: Полошков – Семенов

Жалпы есеп: 2:1

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;