Еркін күрес

Балуандарымыз Маңғолиядағы турнирде үздіктер қатарынан көрінді

Балуандарымыз Маңғолиядағы турнирде үздіктер қатарынан көрінді
news-banner7
mobile-news-top

Еркін күрестен балуандарымыз Маңғолияда өткен халықаралық турнирде үздіктер қатарынан көрінді.

Маңғолияның астанасы Улан-Батор қаласында халықаралық «Mongolia Open-2019» турнирінде сынға түскен балуандарымыз топ жарып, үздіктер қатарынан көрінді. 61 келіде белдескен Владимир Кудрин ақтық сынға оңай жеткенімен финалда ресейлік Александр Богомоевтан ұтылып, күміс жүлдеге ие болды. 79 келіде сынға түскен Жігер Закиров пен Айдар Балданбаев қарсыластарынан бір бас жоғары екенін көрсетіп, екеуі де финалға шықты. Алтын жүлде үшін белдесуде Айдардың мысы басым болды. Осылайша қос балуанымыз алтын мен күмісті бөліп алды.

Айта кетейік, әйелдер күресінен Эльмира Сыздықова 76 келіде қола жүлдегер атанды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер